12 қазан 2017 15:36

Татарстанда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Татарстанда екі жүк көлігі мен жеңіл көліктің апатқа ұшыраған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Бизнес Online.


Татарстанда екі жүк көлігі мен жеңіл көліктің апатқа ұшыраған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Бизнес Online.

Әлеуметтік желілерде Заинск - Набережные Челны тасжолында болған ірі жол апатының видеосы жарияланып жатыр. Басылымның мәліметінше, жол апаты 11 қазанда болған. MAN, "КАМАЗ" және ВАЗ-2111 көліктері соқтығысып қалған.


Куәгерлер жолдаған суреттер.

Алдын ала мәлімет бойынша, бастапқыда жеңіл көліктің жүргізушісі "КАМАЗ"-бен соғысқан. Содан екі жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, "MAN" көлігімен соқтығысқан.

Құтқарушылар жеңіл көліктің ішінен екі адамның денесін алып шықты: 80 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел. Жүк көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети