18 желтоқсан 2017 12:20

Татарстанда ер адам, ұлы және мысығы бір мезетте қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.ru © vesti.ru

Татарстанның Чистополе қаласындағы Полющенкова көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Әйел адам жұмыстан үйіне келген уақытта күйеуінің, ұлының және мысығын өлі күйде тапқан, - деп хабарлайды Вести.ru.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметінше, баласы анасының жұмысына қоңырау шалған. Ол мыcықтың халі нашарлағанын айтқан. Осы оқиғадан соң әйел жағдайды білу үшін күйеуіне хабарласқан. Алайда ер адам тек "Алло" деп қана тіл қатып, байланыс үзілген. 

Әйел адам байланыста ақау болуы мүмкін деп, назар аудара қоймаған. Алайда ол үйіне келгенде күйеуінің, ұлының және мысығының еденде жатқанын көрген. Оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары олардың қайтыс болғанын айтқан. Тергеу нұсқасы бойынша олар улы газдан тұншығып қайтыс болған", - деп жазады "Чистопольские известия".

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети