07 қыркүйек 2015 14:36

Тайланд тұрғындары метеоритке ұқсас нысанның құлаған сәтін видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Тайланд тұрғындары метеориттің құлағанын жаппай айтып жатыр, - деп хабарлайды Bangkok Post. Оқиға Астана уақыты бойынша 9.40-та болды. Белгісіз нысан ақ түтіннен із қалдырып ұшты. Метеориттің құлағанын Накхонратчасима, Корат және Канчанабури провинцияларының тұрғындары көрген. Интернет қолданушылары суреттер мен видеоларды әлеуметтік желілерге дереу жариялады.

Бангкокта да метеориттің құлағанын бірнеше ауданның тұрғындары көрген. Канчанабури вице-губернаторы провинцияда бұл уақытта ұшақ немесе тікұшақтың құламағанын айтты. Сонымен қатар, Бангкок планетарийі метеориттің құлауын теріске шығарды. Мамандардың айтуынша, көп ғарыш нысаны құлау кезінде атмосферада толықтай жанады. Егер олардың біреуі құлаған болса, ол арнайы қызметте тіркелетін еді. Мамандар құлаған ауа шары болу мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, мамандары жер орбитасын зерттейтін профильді порталдардың бірі метеориттің құламағанын, жерге ғарыш қоқысының қата оралғанын хабарлады. Осы уақытта атмосферада нысандардың бірі жануы керек болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети