ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2017 | 18:34
Темір жол рельсінде суретке түсіп жатқан екіқабат модель қызды пойыз қағып кетті
АҚШ-та темір жолдың үстінде фотосессия жасап жатқан жүкті модельді пойыз қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-та темір жолдың үстінде фотосессия жасап жатқан жүкті модельді пойыз қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.
Қайғылы оқиға 10 наурызда Техас штатындағы Навасота қаласына жақын жерде болған. 19 жастағы Фредзания Томпсон рельс үстінде суретке түсіп жатқан. Ол жақындап келе жатқан пойыздан қашып бір жолдан екінші жолдан өткен. Алайда қарсы жолдан тағы бір пойыз келе жатқанын көрмеген.
Алған жарақатынан қыз оқиға орнында қаза тапты. Суретке түсіруші ер адам зардап шеккен жоқ.
Қызды қағып кеткен пойыздың 101 тауарлық вагоны болған. Теміржол компаниясының өкілдері машинистердің қызды ескертпекші болып, сигнал бергенін және тоқтамақшы болғанын айтады. Алайда осыншама вагоны бар пойыз тоқтап үлгермейді.
Фредзания есімді қыздың туыстары жергілікті колледждердің бірінде оқыған және оқуын уақытша тоқтатып модель мансабын бастамақшы болған. Ол өзінің жігітіне тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген, себебі ол жүктіліктің екінші айында болған.
Показать комментарии
Читайте также