11 қараша 2019 12:55

"Тиранияның соңы" немесе билікті басып алу. Боливиядағы наразылық неден басталды?

Боливиядағы наразылықтар © РИА Новости Боливиядағы наразылықтар © РИА Новости

Боливия - Оңтүстік Американың орталығындағы 11 миллионнан астам тұрғыны бар мемлекет. Бүгінде елдегі ахуал қиын. Оған себеп - жергілікті халық кезекті президент сайлауының нәтижесін қолдан жасалған деп отыр. 20 қазанда екі негізгі кандидат - Эво Моралес пен Карлос Меса жақтастары арасында қақтығыстар басталып, полиция араласуға мәжбүр болды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі ахуал мен бүгінгі жағдайына шолу жасады. 


Боливия - Оңтүстік Американың орталығындағы 11 миллионнан астам тұрғыны бар мемлекет. Бүгінде елдегі ахуал қиын. Оған себеп - жергілікті халық кезекті президент сайлауының нәтижесін қолдан жасалған деп отыр. 20 қазанда екі негізгі кандидат - Эво Моралес пен Карлос Меса жақтастары арасында қақтығыстар басталып, полиция араласуға мәжбүр болды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі ахуал мен бүгінгі жағдайына шолу жасады. 

Неден басталған еді?

Елдегі наразылық шаралары жайлы мәліметтер БАҚ беттерінде 20 қазанда тарай бастады. Сайлау бойынша бірінші кезеңде 46,85 пайызбен Эво Моралес алға шыққан. Одан кейінгі орында - 36,74 пайыз нәтижемен Моралестің негізгі қарсыласы, экс-президент Карлос Меса. Ең ірі наразылық шарасы Ла-Пас, Сукре және Оруро қалаларында тіркелген. Сукреде халық аймақтық сайлау комиссиясының ғимаратының жанында өрт қойып, Орурода жергілікті халық пен полиция арасында қақтығыс басталған. 

Оппозиционерлер елдің экономикалық ортасы - Санта-Крусте мерзімсіз наразылық шараларының басталғаны туралы мәлімдеген. 

"Мемлекеттік төңкеріске" талпыныс 

Ал сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Эво Моралес арнайы баспасөз конференциясында елдегі қақтығыстар - мемлекеттік төңкеріс әрекеттері деп ойлайтынын мәлімдеген. Ендігі экс-президент Моралестің сөзінше, төңкерісті оның қайта сайлануына наразы арнайы күштер халықаралық қолдау арқылы жасаған. 


Боливия экс-президенті Эво Моралес © РИА Новости

Елдегі ахуалмен хабардар болып отырған АҚШ пен оңтүстік Америка елдері сайлау нәтижесімен келіспейтінін жеткізген. 

"Аргентина, Бразилия, Колумбия және АҚШ халықаралық демократиялық қоғамдастықпен бірге Боливия халқының еркін шынайы көрсететін нәтижелерімен ғана келіседі", - деп мәлімдеген Колумбияның Сыртқы істер министрлігі. 

Сондай-ақ Колумбия СІМ елдегі ахуалға алаңдаушылық білдіріп, бірінші кезең нәтижесін түпкілікті тексеру мүмкін болмаған жағдайда екінші кезең өткізу керектігін атап өткен. 

24 қазанда Эво Моралес бірінші кезеңде айқын жеңіске жеткенін мәлімдеген. Моралес 47,07 пайыз, ал қарсыласы Карлос Меса 36,51 нәтижеге қол жеткізген. Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыз не 40 пайыз дауыс жинап, қарсыластар арасында 10 пайыз айырмашылық болуы қажет. 

Қақтығысқа Ресейдің қатысы болуы мүмкін бе?

Боливиядағы БАҚ беттерінде елдегі наразылықтарға "Ресейдің қатысы болуы мүмкін" деген мәлімдемелер шыға бастаған. Бұл жарияланымдарды көрген Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған. 

"Біз Ресей Боливиядағы қақтығыстарға қатысы болуы мүмкін деген мәлімдемелерді көрдік. Оның алдындағы жағдайлар секілді, аталған ақпараттар ешқандай дәлелі жоқ, негізсіз мәлімдемелер. Бұл жолы интернет-ресурстардың бірі, шетелдік демеушілер арқылы қаржыландырылып отырған Балтық жағалауында орналасқан арнайы компания антиресейлік тапсырыспен жасалған ақпарат таратқан", - деп мәлімдеген Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова. 


Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова. © РИА Новости

Ресей СІМ мәліметінше, бұл компания өзін ресейлік басылым деп таныстырғанымен, шын мәнісінде оның Ресейге түк қатысы жоқ екен. 

Жоғарғы сайлау сотының мүшелеріне қатысты тергеу 

10 қарашада Америка мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Луис Альмагро Боливияда халық наразылығы өршіп бара жатқанына байланысты сайлау нәтижесін жою керектігін мәлімдеді. Себебі АМҰ сайлаудың бірінші кезеңін тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған. 

Бас хатшының сөзінше, Эво Моралес екінші кезеңнен "қашып құтылу" үшін бірінші кезеңде жеткілікті дауыс жинаған. 

Америка мемлекеттері ұйымының мәліметінен кейін Боливияның Бас прокуратурасы елдің Жоғарғы сайлау сотының мүшелеріне қатысты тергеу жұмыстарын бастаған. 


Боливиядағы қақтығыстар © РИА Новости

Артынша Моралес халықтың дүрлікпеуін сұрап, президент сайлауын демократиялық жолмен қайта өткізетінін мәлімдеген. 

"Мен ең алдымен, Жоғарғы сайлау сотының құрамын толығымен жаңартуға, екіншіден, халық демократиялық жолмен жаңа саясаткерлерді сайлай алатын жалпы сайлауды қайта өткізуге шешім қабылдадым", - деп мәлімдеген Моралес баспасөз конференциясында.

Моралестің бұл шешімін АҚШ, Испания және Мексика қолдаған. 

Ал ендігі экс-президенттің негізгі қарсыласы Карлос Меса Эво Моралес жаңа сайлауға қатыспауы керек деп мәлімдеген. Меса жергілікті халықты Моралес отставкаға кетпейінше наразылық шарасын тоқтатпауға шақырған. 

Бүгін Эво Моралес елдегі наразылыққа байланысты отставкаға кететінін мәлімдеген. Ал Боливия оппозициясының жетекшісі Карлос Меса Моралестің отставкасына "тиранияның соңы" деген баға берген. Экс-президент отставкасы жайлы пікір білдірген кезде елден кету жоспарында жоқ екенін мәлімдеген. 

"Эво елден қашып кетпеді деген қауесет тарап жүр екен. Менде елден кетуге еш себеп жоқ. Боливия халқы мынаны білгені жөн: мен ештеңе ұрлаған жоқпын", - деп мәлімдеді экс-президент. 

Айта кетейік, президент, вице-президент және сенат төрағасы отставкаға кеткеннен кейін сенаттың екінші вице-спикері Жанин Аньес билік оның қолына өтетінін мәлімдеген. 


Боливиядағы қақтығыстар © РИА Новости

Бүгінде Боливияның Орталық сайлау комиссиясының басшысы мен орынбасары заң бұзушылық анықталғаны туралы баяндамадан кейін тұтқындалған. Елдің денсаулық сақтау министрі Габриэла Монтаньо Боливия полициясы Эво Моралесті тұтқындайтынын мәлімдеген. 

"Боливия полицейлері заңсыз түрде Эво Моралесті тұтқындамақ. Бұл ессіздік туралы әлемді хабардар етеміз", - деді министр Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, Боливиядағы наразылық шаралары 20 қазанда елде болған кезекті президент сайлауынан кейін өрши түскен. Нәтижемен келіспеген халық әділ сайлауды талап еткен. Боливияда мемлекет басшысы мен үкімет басшысы - президент. Оны бес жыл мерзімге халық сайлайды. Хуан Эво Моралес 2006 жылдың 22 қаңтарынан бері елді басқарған. 

"Мен ештеңе ұрламадым". Боливияда президент отставкасынан кейін жаппай тұтқындау басталды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети