22 қараша 2017 09:28

Тоғызыншы қабаттан құлаған әйелді тосып аламын деп, опат бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чилиде гаитилік иммигрант тоғызыншы қабаттан құлаған әйелді тосып аламын деп, өзі мерт бола жаздады. Ер адам оны жерде тұрып, қағып алмақ болған. Оқиғаның видеосы бақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға Сантьяго қаласының түбінде болған. Гаитилік Ричард Джозефтің айтуынша, ол автобустан шыға бере балконнан асылып тұрған әйелді байқаған. Ер адам басқалар секілді бастапқыда оқиғаны ұялы телефонына түсіре бастаған, алайда кейін әйелді аман алып қалу туралы ой келген. Әйел құлап кеткенде Джозеф қолын алға созып, оны тосып алмақ болған, бұл іс оның қолынан келмесе де соққыны бәсеңдетуге септігін тигізгені анық. 

Ер адам тізесін және қолын жаралаған. Жергілікті бизнесмендердің бірі оның ауруханада алатын еміне ақша бөлуге уәде беріпті. Әйел болса есінен танып қалған, алайда кейін есін жиған. Оның бұл іске не себепті барғаны белгісіз, болжам бойынша ол осылайша өзіне қол салмақ болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети