01 маусым 2020 16:09

Тоқаев COVID-19 жұқтырған Пашинянға сауығуды тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянға сауығуды тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянға сауығуды тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Арменияның премьер-министрі Никол Пашиняннің COVID-19 жұқтырғаны хабарланған еді. "Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті", - деп жазған еді ол видеоның сипаттамасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети