Трамп Google-ды Қытайға көмектесіп жатыр деп айыптады

17 Наурыз, 12:30
0
Трамп Google-ды Қытайға көмектесіп жатыр деп айыптады - Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Google компаниясын Қытай әскеріне көмектесіп жатыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Google Қытайға және оның әскеріне көмектесіп жатыр, бірақ АҚШ-қа емес! Жақсы жаңалықтың бірі олардың айлакер Хилари Клинтонға көмектескені, бірақ Трампқа емес... Барлығы немен аяқталды?" - деп жазды АҚШ президенті Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, осыған дейін Пентагон өкілдері Google компаниясының Қытаймен одақтастығы жайлы айтқан еді. АҚШ-тың штабтар басшылығы біріккен комитет төрағасы генерал Джозеф Данфорд конгресте сөйлеген сөзінде "Google-дың Қытайда жасап жатқан жұмыстары қытайлық әскерилерге пайдасын тигізіп жатқанын" айтқан еді. Өз кезегінде қорғаныс министрі қызметін атқарушы Патрик Шэнахан Қытайдың америкалық компаниядан технология жымқырып жатқанын айтқан, ал Google болса АҚШ қорғаныс министрлігінің жобаларын қолдауға салқындылық танытып отыр екен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай