Трамп Путин жолдаған хат жайлы айтып берді

24 Желтоқсан 2016, 00:38
0
Трамп Путин жолдаған хат жайлы айтып берді -

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен хат алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Трамптың штабына сілтеме жасап.

"Владимир Путиннен хат алдым. Оның ұсынған идеялары дұрыс. Мен екі тараптың да осы идеяларды ұстана алатынына сенемін", - деп келтірілген Трамптың сөзі баспасөз релизінде.

Сондай-ақ, Путин Трампқа жолдаған хатында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейде болатынына сенім білдіреді. "Мен сіздің АҚШ президенті қызметіне кіріскен соң біздің екі ел арасындағы ынтымақтастық қайта қалпына келтіріледі деп сенемін, - делінген хатта.

Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Трампқа Рождество мен Жаңа жылға орай үндеу жолдағанын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай