АҚШ Президенті Дональд Трамп өзіне дейін ел басқарған Обаманың кезінде Қырымның Ресей құрамына кіргенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзіне дейін ел басқарған Обаманың кезінде Қырымның Ресей құрамына кіргенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Обама президент болып тұрған кезде Қырым Ресей құрамына өтті. Обама Ресейге жұмсақтық танытты ма?", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі өзінің микроблогында.
Айта кетейік, Ақ үй баспасөз қызметінің басшысы Шон Спайсер Трамптың Ресей Федерациясынан "Қырымды қайтарып бергенін" күтіп отыр, - деп мәлімдеме жасады. Соған қарамастан ол, АҚШ президентінің Ресеймен бұрынғы әкімшілікке қарағанда анағұрлым жақсы қарым-қатынас орнатуды қалайтынын мәлімдеді. "Біз көптеген мәселелерді бірлесе отырып шешімін табар едік, оның ішінде ДАИШ-та (Қазақстанда тыйым салынған) бар", - деді баспасөз қызметінің маманы.