22 шілде 2016 10:54

Трамп уәдесі: Көп ұзамай ДАИШ жеңіліске ұшырайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та президенттікке үміткер Дональд Трамп республикашылдардың съезінде жақын уақытта "Ислам мемлекеті" (ДАИШ - Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) террорлық ұйымға жеңіліске ұшырататын соққы жасайтынын уәде етті, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-та президенттікке үміткер Дональд Трамп республикашылдардың съезінде жақын уақытта "Ислам мемлекеті" (ДАИШ - Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) террорлық ұйымға жеңіліске ұшырататын соққы жасайтынын уәде етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"ИМ жабайылары жеңіліс табады, біз оларға жеңіліс табар соққыны тез арада жасайтын боламыз", - деді Трамп ешқандай нақтылаусыз. Сонымен қатар, Трамп өзінің бағдарламасында АҚШ-тың құрлық жерлерінде үлкен қорған салатындығын қайталады. "Біз үлкен шекара қорғанын салатын боламыз, ол бізді заңсыз келімсектерден және зорлық-зомбылықтан, біздің қалаларға келетін есірткілерден сақтайтын болады. Елде заңсыз жүрген миллиондаған адамға ережелерді қолданып, жер аударып, біздің заңды құрметтеуді үйретеміз", - деді президенттіктен үміткер. 

Оның айтуынша, қарсыласы Хилари Клинтон "жаппай кешірім беруді, жаппай көші-қон және жаппай заңсыздықты орнатуды" ұсынуда. "Оның жоспары сіздің мектептер мен ауруханаларды келімсектерге толтыру және де жұмыс орындары мен айлық мөлшерін одан есе азайту", - деді Трамп. Ол сондай-ақ, "сәтсіз" саясаттан бас тартып, режимді өзгертетінін уәде етті.

"Біз сәтсіз саясаттан бас тартып режимді өзгертуіміз керек. Хиллари Клинтон осы бағытты Ирак, Ливия, Мысыр және Сирияда дамытуда. Осының орнына ДАИШ пен  ислам террорына біз барлық одақтастымызбен бірігіп, жою үшін бар күшімізді салуымыз керек", - деді Трамп республикашылар съезінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети