1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Трампты шеру кезінде сахнадан шұғыл түрде алып кетті

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың өміріне қауіп төніп, ол халық алдындағы сөзін бірнеше минутқа тоқтатуға мәжбүр болды. Оқиға Невада штатында болған, - деп хабарлайды 24 Хабар.
 
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, залдағы көрермендердің бірі "тапанша" деп айқайлап, оққағарлар саясаткерді жалма-жан сахнадан алып кеткен. Артынан тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, алайда одан суық қару табылмады. Кейін Трамп мінберге қайта оралып, сөзін одан ары жалғастырды. Қазір полиция митингті тоқтатуға тырысқан адамды тергеп жатыр.