Туған сіңлісінің өлімін Instagram арқылы трансляциялаған қыз: Түрмеге қамалатыныма түкіргенім бар

25 Шілде 2017, 16:22
0
Туған сіңлісінің өлімін Instagram арқылы трансляциялаған қыз: Түрмеге қамалатыныма түкіргенім бар - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

18 жастағы қыз байқаусызда адам өлтірді деп айыпталды. Сонымен бірге, оның көлікке мас күйде отырғаны анықталды. 

Обдулиа Санчес көлік жүргізіп келе жатып, Instagram желісінде тікелей трансляцияны қосқан. Бірнеше минуттан кейін ол рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылып, көлік аударылып қалған. Көлікте одан бөлек оның 14 жастағы сіңлісі мен оның досы отырған. Санчес жарақат алғанына қарамастан, трансляцияны тоқтатпай сіңілісінің өлімін видеоға түсірген, деп жазады The Sun.

"Мен сіңілімді өлтіріп алдым. Түрмеге отыратынымды білемін, бірақ түкіргенім бар. Кешір, қошақан", - дейді ол.  

Полицейлер артқы орындықта отырған жсөспірімдердің қауіпсіздік белбеуін тақпағанын мәлімдеді. Аты аталмай отырған ұл баланы ауыр жарақаттармен ауруханаға алып кеткен, ал Жаклин оқиға орнында көз жұмған. 

Полицейлер Обдулиа Санчесті қамауға алды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай