09 сәуір 2015 13:23

Түрік тілшілері Charlie Hebdo карикатурасын көшіріп басқаны үшін 4,5 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік тілшілері Charlie Hebdo карикатурасын қайта басқаны үшін 4,5 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. Прокурорлар Cumhuriyat газетінің колумнистері Хикмет Четинкай мен Джейд Каранды бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар өз мақалаларына Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын француздың даулы журналынан көшіріп басқан.  

Жалғасы

Cumhuriyet  басылымында сурет Charlie Hebdo журналындағы әріптестерін қолдау мақсатында қаңтар айында шыққан болатын. Түрік журналы француз апталығының лаңкестіктен кейін шыққан санының төрт бетін көшіріп басыпты. Четинкай мен Каран өз мақалаларында Мұхаммед пайғамбар салынған карикатураны қолданған. 

Осыдан кейін 1280 адам құқық қорғау органдарына хабар беріп, тілшілерді жазалауды талап етті. Стамбұл прокуратурасы айыптау қорытындыларын дайыпдап, Четинкай мен Каранды "діни құндылықтарды жәбірлегені" үшін және "адамдарды өшпенділік пен жаугершілікке айдап салғаны" үшін 1,5 - 4,5 жыл аралығында бас бостандығынан айыруды сұрады. Соттың қашан өтетіні хабарланбай отыр.

Еске салайық, Парижде болған лаңкестіктер әлемді дүр сілкіндірді. Charlie Hebdo тілшілерінің атылуының басты себебі деп Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы аталды. Таңғы жиналыс кезінде он адам атылды, тағы екі тәртіп сақшысы көшеде өлтірілді. Парижде болған лаңкестіктен кейін күдіктілердің кім екені анықталып, құқық қорғау органдары олардың көзін жойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети