ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2017 | 09:46
"Түркия аруы - 2017" Twitter желісіндегі жазбасы үшін титулынан айырылды
"Түркия аруы - 2017" сұлулық байқауының жеңімпазы Ытыр Эсен бірнеше сағаттан соң Twitter желісінде 2016 жылдың шілдесіндегі елдегі мемлекеттік төңкеріске қатысты жазбасы үшін титулынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ытыр Эсен әлеуметтік желідегі парақшасында биыл мемлекеттік төңкеріске бір жыл болғанын жазған. Сондай-ақ, сұлулық байқауының жеңімпазы осы күні оның етеккірі басталғанын және оның қаны төңкерістен қаза болғандардың қанына қосылатынын жазған.
"Өкінішке қарай, бұл жазбаны Ытыр Эсеннің өзі жазған. "Түркия аруы" байқауының ұйымдастырушылары оны қабылдай алмайды, себебі біз Түркияны бүкіл әлемге таныстырып, оның имиджіне өз үлесімізді қосқымыз келеді", - байқаудың ұйымдастырушы комитетінің басшысы Джан Сандыкчиоғлы.
Сондай-ақ, Эсеннің Қытайда өтетін "Әлем аруы - 2017" халықаралық байқауында титулынан айырылғаны және оның орнына екінші орын алған Аслы Сюмэннің қатысатыны айтылады.
Показать комментарии
Читайте также