Түркия әскері Су-24 ұшқыштарын ұстады - БАҚ

24 Қараша 2015, 15:34
0
Түркия әскері Су-24 ұшқыштарын ұстады - БАҚ - © Twitter / NTV
© Twitter / NTV

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған түркиялық әскерилердің Сирияда ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенін растады. Бұл туралы Түркиядағы Bloomberg тілшісі Ферджан Ялинкилидж Twitter желісіндегі парақшасында жазған. Айта кетейік, бұған дейін мұны Ресей Қорғаныс министрлігі растаған болатын.

Ведомство әуе кемесінің Сирия аумағымен ұшқанын айтса, Анкара Су-24 ұшағының Түркия әуе кеңістігінің қорғанысын бұзғанын алға тартты. Ұшақ Сирияның Латакия провинциясына құлаған. Бұған дейін түркиялық тарап Ресейге Сирияға жүргізілетін әскери операциялар кезінде әуе кеңістігін бұзбауды ескерткен болатын.

"Известия" басылымы Су-24 ұшағының ұшқыштарын түркиялық биліктің ұстағанын хабарлады. Айта кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта әскери ұшақты атып түсірген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай