17 тамыз 2016 13:32

Түркия билігі түрмелерде орын жоқ болғандықтан 38 мың тұтқынды босатпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk-turkey.ru © mk-turkey.ru

Түркия билігі 38 мың тұтқынды абақтыдан босатпақ. Бұл туралы елдің әділет министрі Бекир Боздаг Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.


Түркия билігі 38 мың тұтқынды абақтыдан босатпақ. Бұл туралы елдің әділет министрі Бекир Боздаг Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

Боздагтың айтуынша, Түркия үкіметінің жарлығы, сотталушылар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын (алайда құзырлы органның қадағалауында болады) заң шығып қойған. Мұндай шаралар мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне байланысты сотталғандар саны көбейіп, түрмелер толып кеткендіктен жасалған.

Осыған дейін, Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін екі жарлық шығарғаны хабарланған. Онда екі мыңнан аса полицей мен жүз шақты әскери адам және ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басшыларын жұмыстан шығарылуы тиіс екендігі жазылған, сонымен қатар байланыс және телекоммуникация басқармасының жойылатыны және президент Режеп Тайип Ердоғанның ел қарулы күштерінің қолбасшысы болып сайланғаны хабарланған.

Еске сала кетейік, 16 шілде түнгі уақытта елде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті жасалды. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.16 шілде таңертең көтерілістің басылғандығы жарияланды. Түрия СІМ-нің соңғы мәліметі бойынша көтеріліс кезінде көтерілісшілерді санамағанда 246 түрік азаматы қаза тауып, екі мыңнан аса адам зардап шеккен.4 тамызда Ыстамбұл сотының АҚШ-та тұратын уағызшыны ұстау туралы санкция шығарған болатын. Анкара оны астыртын сөз байласты деп айыптап, дереу Түркияға экстрадициялануы керек деп мәлімдеді. Гүленнің өзі болса бүлікке қатысы жоқ екенін айтып, оны керісінше сөгіп отыр. Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бес генерал мен 29 полковник қызметтен кетті. Түркия үкіметі үша ақпараттық агенттікті, 16 телеарнаны, 23 радиостанцияны, 45 газеттің жұмыстарын тоқтатқан. 17 журналист Гүленмен байланысы бар деп қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети