07 наурыз 2014 19:39

Түркия премьер-министрі Facebook-қа тосқауыл қоймақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган Facebook әлеуметтік желісі мен Youtube бейнехостингінің ел аумағында таралуына тосқауыл қоймақ, - деп хабарлайды РИА Новости. Премьердің сөзіне қарағанда, оның мұндай қадамға баруына бұл порталдардың ар-намысына тиетін бейнежазбаларды жариялауы әсер етсе керек. Премьердің мұндай қадамға баруына өткен апта ішінде YouTube порталында Реджеп Тайип Эрдоганның 2013 жылы желтоқсан айының шамамен 17-18-і күндері өзінің ұлы Билялмен телефон арқылы сөйлескен дауысы жазылған таспаның жарияланып кетуі әсер етсе керек. Онда әкелі-балалы екеуі үйлерінде жасырылған бірнеше миллион евроны қауіпсіз жерге ауыстыру жайын талқылағандай мағынада әңгіме қозғаған. Ол жазбаны естіген Эрдоган бұл әрекетті Түркияға бағытталған озбырлық, әрі арандату деп бағалаған. "Наурыздың 30-ынан (жергілікті билікке сайлау өтетін күн) кейін басқа да қадамға баратын боламыз. Біз халқымызды YouTube пен Facebook-тың арандатуына беріп қойып, қол қусырып қарап отырмаймыз. Қажет болса бұл екі порталдың ел аумағында таралуына тосқауыл қоюымыз да мүмкін. Себебі, мұны ұйымдастырған адамдар немесе ұйымдар өздерінің қарабасының ғана пайдасын ойлап отыр", - деді премьер-министр. Эрдоган сөз арасында үкіметтік байланыс арнасының тың тыңдауды болдырмауға бағытталған жұмысына көңілі толмайтынын да атап өтті. Және ол қарапайым қалалық телефонды пайдаланатынын айтты. "Қалаған адам менің телефон арқылы сөйлеген әр сөзімді тыңдай алады", - деді Түркия премьер-министрі. Өткен жылдың желтоқсанында Түркияда 50-ден астам адам мемлекеттік сатып алу кезінде алаяқтыққа барды және парақорлыққа бой алдырды деген айыппен қамауға алынған болатын. Осы жағдайдан кейін Түркия билігіндегілер біздің мемлекетте сыртқы күштердің қолдауымен "мемлекет ішінен мемлекет пайда болды" деп баға берген болатын. Ол уақытта сондай-ақ, 2,3 мың саясаткер мен қоғам қайраткерлерінің сөздері сырттан тыңдалғаны анықталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети