1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия Сириядағы әскери операциясын аяқтағанын жариялады

© REUTERS/Murad Sezer © REUTERS/Murad Sezer

Түркияның қарулы күштері Сирияның солтүстігінде жүргізген "Евфрат қалқаны" ("Щит Евфрата") операциясы сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырған отырысында осындай мәлімет айтылды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Евфрат қалқаны" операциясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДАИШ лаңкестерінен келетін қауіп-қатерден қорғану, сириялық босқындарды еліне қайтару сәтті аяқталды", - делінген ҰҚК мәлімдемесінде. 

Еске салайық, Түркия әскері өткен жылдың 24 тамызында Сирия оппозициясымен бірігіп, ДАИШ лаңкестеріне қарсы "Евфрат қалқаны" операциясын бастаған еді, олар шекаралас Джараблус және Эль-Баб қалаларын өз қарамағына алған. Осыған дейін Түркия президенті Ердоған осы операцияның басты мақсаты - бес мың шаршы шақырымды лаңкестерден тазартып, босқындарды қоныстандыруды көздейтінін айтқан.