1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия төрінде тұңғыш рет қазақ романсы орындалды

Сюжеттен алынған кадр Сюжеттен алынған кадр

Түркияның Каппадокия өңірінде тұңғыш рет қазақ романсы орындалды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті және шетелдік көрермен хакім Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін ерекше ықыласпен тыңдады. Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі мен "Қорқыт ата" көне аспаптар саз тобының ерекше форматтағы концерті Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.

Шараға Түркиядағы елші Абзал Сапарбекұлы мен жергілікті билік өкілдері қатысып, көрерменге қазақ халқының сәлемін жеткізді.

Ал шетелдік тыңдармандар Тұла бойыңды баурап алатын қазақ әуендеріне жоғары баға берді.

"Тарихи жерді аралауға келген едім. Тау ортасында тосын сыйға тап болдым. Әндері бірден баурап алды. Кәсіби оркестр екені көрініп тұр. Сөз жоқ", - дейді АҚШ-тан келген турист.