06 шілде 2016 09:18

Түркия Ыстамбұлдағы терактіге байланысты ресейліктерге айып тақты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұл прокуратурасы 28 маусымда қала әуежайындағы жарылыс ісі бойынша Ресейдің 11 азаматына айып тақты. Сот оларды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

Ататүрік халықаралық әуежайындағы терактігі ұйымдастыруға қатысы бар деген айып жалпы 17 адамға тағылды, олардың 11-і ресейлік азамат, қалғандары Түркия азаматтары. Осы іс бойынша жалпы 30 адам қамауға алынды. Осыған дейін 13 адамның қамауға алынғаны хабарланған еді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, күдіктілердің ішінде Дағыстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар. 

Теракт жасады деп Шешенстан тумасы Ахмед Чатаев күдікке ілініп отыр, ол осыған дейін "Имарат Кавказ" қылмыстық ұйымының лидері Доку Умаровтың қоластында жұмыс істеген делінеді, ал оның қазасынан кейін ДАИШ лаңкестік тобына қосылған. 

Еске салайық, 28 маусымда Ататүрік әуежайының терминалында үш жарылыс болған еді. Салдарынан 44 адам қаза таупты. 239 адам зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети