08 сәуір 2018 14:22

Түркияда 85 миллион долларға бағаланған жекежайға кеме соғылды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

© life.ru © life.ru

Түркияда Vitaspirit кемесі Босфор бұғазында тұрған жекежайға соғылды, деп хабарлады РИА Новости.


Түркияда Vitaspirit кемесі Босфор бұғазында тұрған жекежайға соғылды, деп хабарлады РИА Новости.

Агенттіктің хабарлауынша, куәгерлер кеменің үйге барып соғылған сәтін видеоға түсіріп алған. Оқиға кеше Стамбулдағы Анадолухисар ауданында болды.

"Мысырдан Украинаға кетіп бара жатқан кеменің рөлі істен шығып, Сұлтан Мехмед Фатих көпірінің жанындағы үйге барып соғылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ ғимаратқа айтарлықтай залал келді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, қирап қалған үй XVIII ғасырда тұрғызылған және 85 миллион долларға бағаланыпты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети