10 тамыз 2014 11:38

Түркияда бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости


Түркияда бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл президент сайлауы Түркия Республикасының (1923 жылдан бастап) тарихындағы бірінші жалпыхалықтық сайлау болмақ. Өйткені, осы уақытқа дейін бұл елде президентті парламент таңдап келген. Сайлау учаскелері 09.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы президент сайлауына 52,9 миллион адам қатысуы керек. Дауыс берушілер үшін 165,1 мың сайлау учаскелері ашық. 

Сайлауға үш үміткер қатысуда. Әділет және даму партиясының атынан партияның төрағасы және қазіргі елдің премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган. Оппазициялық Халықтық-республикалық партия және Ұлттық партияның атынан Экмеледдин Ихсаноглу бағын сынайды. Ихсаноглуға жоғарыдағы екі партиядан бөлек, Солақай демократиялық партия, Түркияның тәуелсіздігі партиясы және Демократиялық партия қолдау білдірген. Ал Прокурдтық Халықтық-демократиялық партия Селахаттин Демирташты ұсынған. 

Жеңіске жету үшін үміткерлер халықтан ең көп (50 пайыз және қосымша бір дауыс) дауыс жинау керек. Кері жағдайда 24 тамыз күні сайлаудың екінші кезеңі өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети