24 тамыз 2016 16:17

Түркияда "Евфрат қалқаны" әскери операциясын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АҒР 2016/ Bulent Kilic © АҒР 2016/ Bulent Kilic

Түрік армиясы Сирияның солтүстігінде Джараблус ауданын  ДАИШ лаңкестерінен босту үшін "Евфрат қалқаны" кең масштабты әскери операциясын бастады, - деп хабарлайды РИА Новости


Түрік армиясы Сирияның солтүстігінде Джараблус ауданын  ДАИШ лаңкестерінен босту үшін "Евфрат қалқаны" кең масштабты әскери операциясын бастады, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның мәліметінше, таяуда Газиантеп провинциясының Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Карамыш қаласына Джараблус ауданынан оқ атылған. Ол жерде сириялық оппозиция мен ДАИШ соғысып жатыр. Осыған байланысты Түркия әуе күштері артилериялық оқ жаударған. Атыстардың салдарынан Түркия жерінде ешкім зардап шеккен жоқ. Түрік билігі Қарамыш ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.

Түркия ӘК 04.00-де коалиция ұшақтарының арқасында Джараблусты ДАИШ-тан босату операциясы басталды. Операцияның мақсаты - мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін сақтау", - деп хабарлайды Anadolu.

"Түркияның танктері мен артилериясы Сирия жеріне 300-ге жуық снаряд жіберген. Олар Ислам мемлекетінің 81 нысанын жойған. Ал түркиялық жойғыш F-16 Джараблус аумағындағы ИМ-нің 12 нысанының 11-ін талқандаған", - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Еске салайық, 20 тамызда Түркияның Газиантеп қаласында жанкешті жарылғыш затты іске қосып, 50-ге жуық адамды мерт қылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети