Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Түркияда тәртіпсіздіктерге байланысты коменданттық сағат енгізілді

08 Қазан 2014, 10:45
0

Түркияда күрдтер ұйымдастырған тәртіпсіздіктер алты провинцияның жергілікті билігін коменданттық сағат енгізуге мәжбүрледі, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ислам мемлекеті" содырлары Сириядағы күрдтер тұратын Кобани қаласын басып алған болатын. Түркия билігі бұл жанжалға араласпауды ұйғарды. Бұған наразы түркиялық күрдтер елде тәртіпсіздік жасап жатыр. Диярбақыр, Мардин, Сиирт, Муш, Ван және Батма провинцияларында коменданттық сағат енгізілді.

6 қазаннан бері Түркияда тәртіпсіздіктердің салдарынан 15 адам қайтыс болды. Наразылық шарасы барысында тағы бірнеше ондаған адам жарақат алды. Жастар дүкендерді қиратып, полицияны таспен, май құйылған құтылармен атқылап жатыр. Полицейлер бүлікшілерге қарсы су мен көз жасауратқыш газ қолданып отыр. Атыс қаруын қолдану жағдайлары тексеріліп жатыр.

Сириядағы Кобани қаласы - күрд автономиялық әкімшілігінің ірі орталықтарының бірі. Сирияда экстремистер одан басқа тағы 60 курд ауылын басып алды. Кобаниден Түркияға 140 мыңнан астам азамат қашып келді. Қаланы қорғауға 1,5 мыңнан астам күрд еріктісі барды. Еске сала кетейік, 2014 жылдың жазында "Ислам мемлекеті" тобы Сирия мен Ирактағы басып алған аумақтарында "халифат" жариялаған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай