Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Түркиядағы лаңкестікті 18 жастағы бойжеткен жасады - БАҚ

21 Шілде 2015, 07:59
0

Түркиядағы лаңкестікті 18 жастағы бойжеткен жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Hurriyet басылымы. Бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Түркия билігі жарылысқа ДАИШ-тың қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. "Қылмыс орнында жиналған бірінші дәйектер бұл істің ДАИШ-тың жасағанын көрсетіп отыр, олар "тірі бомбаны" қолданған", - деп хабарлады Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы.

Еске сала кетейік, елдің Сириямен шекаралас маңындағы Суруч қаласындағы жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 15.00-шамасында болған еді. Соңғы ақпарат бойынша, қаза болғандардың саны 31-ге, ал жарақат алғандар 100 адамға жетті.

Сонымен қатар, жарылыс сәті түсірілген видео пайда болды


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай