09 наурыз 2017 23:10

Түркияның ең әдемі жұбы Германияда неке қиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Gecce © Gecce

Түркияның ең әдемі жұптарының бірі - актерлер Бурак Озчивит және Фахрия Эвджен Германияда неке қиды, - деп хабарлайды 1news.az түркиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 


Түркияның ең әдемі жұптарының бірі - актерлер Бурак Озчивит және Фахрия Эвджен Германияда неке қиды, - деп хабарлайды 1news.az түркиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Неке қию рәсімінің бірнеше кадры Желіде пайда болды. Фахрия Эвджен туған қаласы Золингенде өткен айтулы шараға туыстары мен достары ғана қатысқан. Мұнда оның ата-анасы тұрады. Бурак Озчивит және Фахрия Эвджен осыдан үш жыл бұрын түсіру алаңында танысқан. Биыл жаз мезгілінің ортасында олар үйлену тойын жасамақшы. Түркияда және Германияда өтетін тойдың дайындық жұмыстары басталып кеткен. Қаңтарда араб кәсіпкері оларға Дубайда немесе Катарда бал айын өткізген жағдайда екі миллион доллар беретінін айтқан. Есімі жарияланбаған демеуші қыруар гонорар беріп қана қоймай, олардың демалысын ұйымдастыруды да өз мойнына алатынын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети