30 қыркүйек 2016 12:09

Түрікменстан тұрғындары Қазақстаннан темекі сатып алып жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хроники Туркменистана" © "Хроники Туркменистана"

Балқан уалаятының тұрғындары (Түрікменстанның батысында) Қазақстаннан темекі сатып алып жатыр, - деп жазады "Хроники Туркменистана" басылымы.


Балқан уалаятының тұрғындары (Түрікменстанның батысында) Қазақстаннан темекі сатып алып жатыр, - деп жазады "Хроники Туркменистана" басылымы.

Ақпарат құралының мәліметінше, Түрікменстанда темекі жетіспеушілігі әлі де жалғасып жатыр. Мемлекет меншігіндегі дүкендерде бұрынғыдай темекілер сатылмайды, ал жекелеген сауда орындарындағы темекінің бағасы 70 манатқа дейін жеткен. Бұл мемлекеттік бағам бойынша 20 долларға тең.



Дегенмен Балқан уалаятының тұрғындары темекіні арзан бағамен сатып алудың жолын тапты. Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы келісімде екі елдің шекарасымен шектес аудандардың тұрғындары жақын маңдағы елдерге визасыз кіре алатыны көрсетілген. Осылайша Балқан тұрғындары Қазақстанның Маңғыстау облысына визасыз-ақ бара алады.

Ал Қазақстанда темекінің минималды бағасы заңнама түрінде 240 теңге деңгейінде белгіленген (0,72 доллар немесе 2,5 манат).

Lenta.ru басылымының мәліметінше, 5 қаңтарда Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов қауіпсіздік кеңесі отырысы барысында темекі тартуды түп-тамырымен жоюды талап еткен.

Айта кетейік, Түрікменстан билігі темекі өндірісіне бұрыннан бері қарсылық танытып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети