23 мамыр 2017 21:57

Түрікменстан вице-премьері асылып қалған күйі табылды. БАҚ оқиғаның мән-жайын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Эрешов. © chrono-tm.org Батыр Эрешов. © chrono-tm.org

Таяуда "Хроники Туркменистана" порталы Түрікменстан вице-премьер-министрі Батыр Эрешовтың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазған болатын, ал түркмениялық БАҚ өкілдері ресми түрде тек 3 мамырда жариялады. Басылым дереккөзінің мәліметінше, 51 жастағы шенеунік асылып қалған күйі табылған. 


Таяуда "Хроники Туркменистана" порталы Түрікменстан вице-премьер-министрі Батыр Эрешовтың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазған болатын, ал түркмениялық БАҚ өкілдері ресми түрде тек 3 мамырда жариялады. Басылым дереккөзінің мәліметінше, 51 жастағы шенеунік асылып қалған күйі табылған. 

Эрешов антикоррупциялық қызмет қозғаған бір іске қатысы бар деп болжанған. Оның ұлы сәуірдің соңында қамауға алынған болатын.

Свобода "Азатлык" радиосының дереккөзі вице-премьердің өз-өзіне қол салғаны туралы мән-жайды айтып берген. Эрешовтың 30 сәуірде асылып қалғаны айтылады. Осыған дейін оның ұлы цемент зауытында қомақты сома көлемінде пара алды деп айыпталып ұсталған болатын. Эрешовтың ұлы қандай жағдайда және қанша мөлшерде ақша алғаны, сонымен қатар ұлының қанша жаста және аты-жөні кім екені айтылмаған.

Ұлы ұсталғаннан кейін Эрешовтың ізіне түсіп, жақын арада оның өзі де қамауға алынатыны ескертілген.

"Оның ұлы қомақты қаражатпен ұсталды. Ізіне түскендер болды, оның өзі де қамауға алынатыны жан-жақтан ескертіле бастады. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсау актісі болды. Шенеуніктің денесін алып кетіп, үш күн бойы бермей отырды. Кейін барып оның денесі қайтарылды, нақтыланбаған мәлімет бойынша, ол өзі туылған Өзбекстан жерінде жерленді. Ұлы болса әлі де қамауда жатыр", - деді басылым дереккөзі.

4 мамырда Түрікменстан бас прокуроры Аманмырат Халлыев өз қызметінен босатылды. Мемлекеттік телеарнадан берілген трансляция кезінде Түріменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Бас прокурормен қоса ІІМ біршама шенеуніктерін жұмыстан босатқан.

Батыр Эрешов 1966 жылы 13 маусымда дүниеге келген. 2014 жылдың маусымынан бастап үкімет басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. БАҚ мәліметінше, ол Өзбекстанның Бұхар облысындағы мүрдеде жерленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети