29 шілде 2019 09:22

Түрікменстанда президенттің қайтыс болғаны жайлы қауесет тараған соң бірнеше адам ұсталған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

25 шілдеден бастап Түрікменстанда президенттің денсаулығы нашарлап, қайтыс болды деген қауесеттермен күрес жүріп жатыр, - деп хабарлайды CA-News порталы түрікменстандық БАҚ-тарға сілтеме жасап.


25 шілдеден бастап Түрікменстанда президенттің денсаулығы нашарлап, қайтыс болды деген қауесеттермен күрес жүріп жатыр, - деп хабарлайды CA-News порталы түрікменстандық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Хроники Туркменистана" басылымының журналистері президенттің қайтыс болғаны жайлы хабарлама таратқаны үшін үш адамның ұсталғанын хабарлаған.

Қазіргі уақытта Instagram әлеуметтік желісінде Түрікменстанның шоу бизнес өкілдерінің отандастарынан мұндай қауесеттерге сенбеуін және арандатушылыққа ермеуін сұрағаны жайлы түрлі видеолар жарияланып жатыр.

Түрікменстан әншісі Сельби Тувакгылыджова Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті мұндай сатқындардан қорғауын сұраған.

"Соңғы күндері Интернетте жалған хабарламалар тарап кетті. Оған сенбейсіздер деп ойлаймын, мен сіздердің президентті қолдайтындарыңызға сенемін", - деп келтіреді әншінің сөзін БАҚ өкілдері. Айта кетейік, мұндай мәлімдемелерді тағы бірнеше шоу-бизнес өкілдері жасады.

Еске салайық, 24 шілдеде Ресейлік БАҚ Түрікменстан президенті қайтыс болды деп хабарлаған еді. Бірақ кейінірек Түрікменстанның Мәскеудегі елшілігі бұл мәліметті жоққа шығарған болатын. 

Осыдан кейін Түрікменстан президенті жайлы жалған ақпараты үшін ресейлік саясаттанушы кешірім сұраған еді. "Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазасы жайлы мәліметтің жалған екеніне қуаныштымын. Президенттің жақындары мен туыстарынан, сондай-ақ, Түрікменстанның барлық азаматынан кешірім сұраймын. Бұған дейін ақпар берген дереккөздің өзі оны жоққа шығарды", - деп жазған еді саясаттанушы Аслан Рубаев.

Түрікменстан президенті жайлы жалған ақпараты үшін ресейлік саясаттанушы кешірім сұрады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети