29 қазан 2017 20:29

Түрікменстандағы шенеуніктерге медаль тапсыру шарасы Желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов шенеуніктерді медальмен марапаттап, олардан алтын мүсін алды, - деп хабарлайды "Хроника Туркменистана".


Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов шенеуніктерді медальмен марапаттап, олардан алтын мүсін алды, - деп хабарлайды "Хроника Туркменистана".

Түрікменстанның Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімдері президент алдында жетістіктері жайлы есеп берген. Мемлекет басшысы оларға медаль тапсырып, үкімет мүшелерінің атынан алтын мүсіндер сыйға алған. Facebook желісінде осы шараның видеосы шығып, қолданушылар бұл шараның қалай өткеніне таңғалған. Біреулер шенеуніктердің мұндай әдебін өз еліне тән деп отыр. 

Еске салайық, мұның алдында Түрікменстан президенті елдегі барлық әлеуметтік жеңілдік жүйесін тиімсіз деп атап, алып тастауды тапсырған еді. Түрікменстан азаматтарына берілетін жеңілдіктерді 1993 жылы елдің бірінші президенті Сапармурат Ниязов енгізген еді. Сол арқылы халық суды, газды және электрді тегін пайдаланатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети