17 мамыр 2016 13:17

Түріктің танымал актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түріктің белгілі актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді, - деп хабарлайды Stan.kz.


Түріктің белгілі актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді, - деп хабарлайды Stan.kz.

Басылымның мәліметінше, Кенан Имирзалыоғлы мен Синем Кобалдың үйлену тойы сенбі күні болды. Актердің тойына Түркияның белгілі актерлері мен әншілері келді.

300 адам шақырылған неке қию салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында басталды. Неке қиғаннан кейін жас жұбайлар қонақүй сыртына шығып, тілшілерге сұхбат берді. Айта кетейік, Кенан сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты қаңтар айында жасаған болатын.

Айта кетейік, Түркияның қос актері қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. Кенан Имирзалыоғлы "Асау жүрек" телехикаясында Юсуф Мироғлы рөлі арқылы танылса, Синем Кобал "Сырлы Ыстамбұл" телехикаясындағы Су Мабенджи рөлімен танымал. Айта кетейік, Кенан Имирзалыоғлы көпшілікке модель ретінде де белгілі, Синем де сәнбике, фильм мен телехикаяларға сценарий жазады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети