09 қараша 2014 18:18

УҚК Донбаста із-түссіз жоғалған 1,7 мың адам бар екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұтқындағы Украина сарбаздары. "РИА Новости" фотосы Тұтқындағы Украина сарбаздары. "РИА Новости" фотосы

Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚК) Бас тергеу бөлімінің басшысы Василий Вовк Донбаста 1,7 мың із-түссіз жоғалған адам бар екендігі туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚК) Бас тергеу бөлімінің басшысы Василий Вовк Донбаста 1,7 мың із-түссіз жоғалған адам бар екендігі туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бізде із-түссіз жоғалғандар саны 1695 адам. Бірақ олардың ішінде қанша адам кепілде отырғаны туралы айту қиындау болып отыр", - деді Вовк. УҚК Тергеу бөлімінің басшысы, дәл қазіргі уақытта қаза тапқандардың денесін анықтау мақсатында жүздеген ДНК-сараптама жасалғанын атап өтті.

Қазан айының соңында Украина президентінің елдің батыс бөлігіндегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі міндетін атқарушы Ирина Геращенко кепілге түскендер мен із-түссіз жоғалғандардың саны УҚК жасаған тізім бойынша 2,8 мың адам деген болатын. Осыдан бір апта бұрын УҚК басшысының кеңесшісі Маркиян Лубкивский 450-ге жуық адам жасақтың қамауында отыр деп хабарлаған еді. Кеңесшінің айтуы бойынша осы уақытқа дейін 1,4 мың украиналық әскери тұтқыннан босатылған.

Өздігінен жарияланған Донецк халық республикасының әскери тұтқындар жөніндегі басшысы Дарья Морозова Киев 400-ге жуық жасақты тұтқында ұстап отыр және 680-ге жуық жасақ із-түссіз жоғалды деп хабарлады. Тұтқындардың соңғы рет алмасуы Донецк қаласының түбінде 1-қарашада "25-ке 25" формуласына сай жүргізілген. Қыркүйекте өздігінен жарияланған Донецк халық республикасының жасағы Украинамен Донецктен 30 шақырымдық жерде тұтқындарды алмастырған еді. УҚК хабарлауы бойынша, осы уақытқа дейін ДХР жасағы мен украиндық сарбаздар бір-біріне 73 адам қайтарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети