Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Украина билігі Boeing-777 апатын анықтау үшін тексеруге жетекшілік етуді батысқа беруге дайын

21 Шілде 2014, 17:00
0

Украина билігі ел аумағында апатқа ұшыраған малайзиялық авикомпанияға тиесілі ұшақты тексеру жұмыстарына басшылық жасауды беруге дайын, деп хабарлайды РИА Новости. Естеріңізге сала кетейік, Boeing-777 ұшағы 17 шілдеде Украинаның шығысында құлаған болатын.

Премьер-министр Арсений Яценюктің сөзінше, тексеру жұмыстарына басшылық жасауды Нидерландыға беруге болады. Ол өз сөзінде Boeing ұшағының апатын тексеру кез-келген жағдайда украиналық құрылымдардың ұйымдастыруымен және халықаралық ұйымдардың қатысуымен болатынын атады. Сондай-ақ, Яценюк Киев апат кезінде қайтыс болғандардың денесін Амстердам клиникасына сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін беруге әзір екендігін де жеткізді.

Бұл арқылы Яценюк өз пайымын білдіріп, "Ұшақтың құлауына зымыран себеп болған, яғни бұл "Бук М1" жүйесі", - деді. Сол арқылы ол мұндай қаруды тек арнайы оқыған мамандар ғана басқара алатындығын атап отыр.

Естеріңізге сала кетейік,  Malaysia Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының апаты 17 шілде күні кешкілік орын алып, борттағы 298 адам тегіс қайтыс болған еді. Амстердам-Куала-Лумпур бағытын бетке алған әуе кемесінде 192 Нидерланды, 44 Малайзия, 27 Австралия, 12 Индонезия, 10 Британия,  4 Бельгия, 4 неміс, 3 Филиппин, 1 Канада және Жаңа Зеландия азаматы болған. АҚШ пен Украинаның болжамы бойынша, ұшақ елдің шығыс аумағында атып түсірілген. Ал аймақтың өкілдері болса бұл орайда Украина әскерін айыптап отыр. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай