03 тамыз 2014 17:15

Украина қарулы күштері бүлікшілерден қолды болған әскери қару-жарақты қайтару туралы келісімді бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет mk.ru Сурет mk.ru

Украина қарулы күштері Луганск облысының оңтүстігінде қоршауда қалған қару-жарақты қайтарып алу туралы келісімдерді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Украина қарулы күштері Луганск облысының оңтүстігінде қоршауда қалған қару-жарақты қайтарып алу туралы келісімдерді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Өзін-өзі қорғау штабының мәліметтеріне сүйенсек, олардың азық-түлігі, суы мен жанар-жағар майы түгесілген, қару-жарақтарындағы оғы бірер күнге ғана жетеді. Әскери күштер бүлікшілердің қолдарындағы қару мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ, әскери техниканы (жалпы саны 70 дана) тапсыруды сұраған. Олар бұл қару-жарақты жойып жібереді. Өздерін Луганск халықтық республикасы деп жариялағандар бұл аймақты украин билігінің бақылауына беруі керек. 

Бүлікшілер бұл талапқа наразы екендерін, қайтаруға тиісті әскери техникаларды толық сақтап отырғандықтарын айтқан. "Бұл эпопеяның аяқталуына шамамен 4-5 күн қалды. Біз қазірше соққы жасап, артиллериядан оқ жаудырған жоқпыз", - дейді Луганск халықтың республикасы штабының өкілі. 

Осы ақпарат құралдарының айтқандарына сүйенсек, өздерін тәуелсіз республика деп жариялаған Луганск және Донецк халықтық республикаларындағы бүлікшілерді басуға барған бірнеше украина әскери топтары қоршауда қалған. Бұл әскери күштер Луганск облысының Свердловск ауданына бекінген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети