Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Украина Қырым мен Донбасс үшін Ресейден триллион доллар талап етеді

15 Қазан 2015, 15:33
0
© REUTERS
© REUTERS

Украина борыш құрылымын қайта қарау бойынша Ресеймен соттасып, Қырым мен Донбасс үшін бір триллион доллар талап еткелі отыр, - деп хабарлады "РЕН-ТВ" телеарнасы. Бұл туралы Украина премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді.

"Біз істің сотта қаралуына дайынбыз", - деді Яценюк, оның мәлімдеуінше, Украина заңдық соғысқа дайындалып жатыр. Сонымен қатар, премьер Ресейді 29 қазанда украиналық борыш құрылымын қайта қарауға қатысуға бел шешуге шақырды. "Ресей үш миллиард долларға қатысты борыш құрылымын қайта қарауы және ішінара қайта жазуы тиіс, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Біз Ресейге 29 қазанда кредиторлар комитетінің борыш құрылымын қайта қарау шарттарын қабылдауды ұсынып отырмыз", - деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, "Ресей басқа шартқа қол жеткізбейді".

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Украинаның қарыздарын толық әрі уақытында төлеуін күтіп отырғаны айтылды. "Ресейдің позициясы баяғыдай: Украина 2013 жылдың желтоқсанындағы міндеттемелерінен толық әрі уақытында Ұлттық әл-ауқат қорының қаржысы есебінен құтылуы тиіс", - делінген үкіметтің хабарламасында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай