06 наурыз 2014 16:18

Украина НАТО-ға мүше бола алмайды - Ресей

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Pochta-polevaya.ru ©Pochta-polevaya.ru

Ресей Украинаның НАТО-ға мүше болуы мүмкін емес деп есептейді, бұл туралы "Интерфакс" РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Василий Небензяға сілтеме жасап хабарлайды. "Мен Украина НАТО-ға мүше болмайды деп ойлаймын. Бұл мүмкін емес. Біз ғана емес, Батыста да Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресей үшін нені білдіретінін түсінеді", - деді журналистердің сұрағына жауап берген Небензя. Вице-министрдің айтуынша, Украина бейтарап күйде қалады. "Украинаның НАТО-ға мүше болуын қазір де, келешекте де мүлдем елестете алмаймын", - деді ол. Небензя Украинадағы қазіргі саяси дағдарысты келіссөздер мен диалогтарды іске асыру жолымен ғана шешуге болады. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары ведомство басшысы Сергей Лавровтың Парижде не себепті украиналық әріптесі Андрей Дещицамен кездеспегені жөнінде де түсінік берді. "Мен Андрей Дещица Парижде болды деп естідім. Бірақ жоспарланған кездесудің форматы оның қатысатынын білдірмейді. Мен кездесу осы себепті болмай қалды деп ойлаймын", - деді Небензя. Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Польша Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Парижде Лавровтың Украина Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Андрей Дещицамен кездесуден бас тартқанын хабарлаған еді. Франция астанасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Сергей Лавров Украинадағы ахуалды талқылаған. Ресей тарапы өзінің Қырымға әскер кіргізу бастамасын заңды әрекет деп бағалағанымен, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге ниеті бар екенін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети