08 тамыз 2014 20:42

Украина Ресейдің Еуропаға газ тасымалдауына тыйым салмақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк. ©REUTERS Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк. ©REUTERS

Украина Ресей санкциясына жауапты соққы беруге дайын деп хабарлайды BBC. Украина премьер-минисрі Арсений Яценюк, Киев Ресейдің газ және тағы басқа энергетикалық ресурстарының өз территориясы арқылы тасымалына, сол секілді әуесінен ұшуына тыйым салуға дайын деп мәлімдеді.


Украина Ресей санкциясына жауапты соққы беруге дайын деп хабарлайды BBC. Украина премьер-минисрі Арсений Яценюк, Киев Ресейдің газ және тағы басқа энергетикалық ресурстарының өз территориясы арқылы тасымалына, сол секілді әуесінен ұшуына тыйым салуға дайын деп мәлімдеді.

"Бұл санкцияны қолданысқа енгізу үшін Украинаның министрлер кабинеті Украинаның санкциялар туралы заң жобасын мақұлдауы тиіс, өйткені мұндай жағдай, яғни біздің мемлекетке қарсы қылмыс жасаған шетелдік субъектіге қатысты санкция қолдану жайы Украинада бірінші рет орын алып отыр. Украина заңға сәйкес, санкцияның 26 түрін пайдалануға құқылы" деп мәлімдейді Яценюк. Сондай-ақ Украина премьер-министрі газ тасымалына және басқасына да қойылған шектеулер жылдық бюджетке шамамен 7 миллиард доллар салмақ түсіретіндігін айтты.

Газ тасымалына салынған тыйым Киевтің Мәскеуге қатқан жауабы екендігін баса айта кетелік. Еске сала кетелік, 2014 жылдың 7 тамызында Ресей Украина әуе компанияларына өз территориясы арқылы Грузияға, Әзірбайжанға, Арменияға және Түркияға тасымал жасауға тыйым салған. Сонымен қатар ресми Мәскеу шектеуге жататын импорттағы бірқатар азық-түрлерінің тізімін де жариялаған болатын. Ол тізімге Ресейге қарсы санкцияны қолдаған мемлекеттерде өндірілетін тауарлар енген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети