06 желтоқсан 2014 | 21:17

Украинада тағы тәртіпсіздік: Белсенділер Винницадағы облыстық әкімшілікті басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Винница ішкі істер департаменті мен Информационная Винничина Винница ішкі істер департаменті мен Информационная Винничина

Бүгін, 6 желтоқсанда Винница облыстық кезектен тыс кеңесінің сессиясы кезінде облыстық мемлекеттік әкімшілік алдында митинг басталып, белсенділер облыстық мемлекеттік әкімшілік ғимаратын басып алды. Жергілікті милиция ереуішілердің бір бөлігі ашуға булығып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 6 желтоқсанда Винница облыстық кезектен тыс кеңесінің сессиясы кезінде облыстық мемлекеттік әкімшілік алдында митинг басталып, белсенділер облыстық мемлекеттік әкімшілік ғимаратын басып алды. Жергілікті милиция ереуішілердің бір бөлігі ашуға булығып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белсенділер "Милиция қарақшылармен бірге" деп айғайлап, кейбір шенеуніктердің люстрациясы мен "Януковичтің өңірлер партиясына" жұмыс істеген депутаттардың отставкаға кетуін талап етті. Ереуілшілер тұлып жасап, оған "Олейник" (облыстық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы) деп жазып, өртеп жіберді. Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік әкімшілік ғимараты алдында көлік дөңгелектері өртелді. Белсенділер облыстық кеңестің сессиясы өтетін ғимаратқа түтін шашкасын лақтырды, содан кейін ғимаратқа басып кірді. Винница облыстық мемлекеттік әкімшіліктің орталық есігінен белсенділер ішіне жексұрын депутаттарды отырғызу үшін екі қоқыс багы кіргізілді.

Ішкі істер министрлігінің Винница облыстық басқармасының мәліметінше, винницалық милицияның қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметте жүрген 7 қызметкері газға уланып, ауруханаға жеткізілді. "Винница облыстық кезектен тыс кеңесінің сессиясы кезінде облыстық мемлекеттік әкімшілік алдына шамамен 600 ереуілші жиналды, олар қазіргі үкіметке сенімсіздік танытып, мемлекеттік кеңес ғимаратын басып алды. Облыстық мемлекеттік әкімшілікті қорғау үшін милицияның 200 қызметкері жұмылды. Митинг кезінде тәртіп сақтауға Украинаны жаудан ұлттық гвардия жауынгерлерімен бірге қорғап, жақында Антитеррорлық операция аймағынан келген "Винница" арнайы батальонының жауынгерлері жұмылды. Белсенділер оларға жұмыртқа, тас және жарылғыш қап лақтырып, жас ағызғыш газ қолданды", - делінген хабарламада.

Қақтығыс кезінде милицияның 7 жұмысшысы дене жарақатын алып және жас ағызғыш газға уланып ауруханаға жеткізілді. Ереуілге қатысқан бір адам да дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Мұнымен қатар, белсенділер қоғамдық тәртіпті бұзбау керектігі ескертілсе де терезелерді шағып, облыстық мемлекеттік әкімшілікке қарама-қарсы тұрған ғимараттың кеңсесіне жұмыртқа лақтырды. 4 құқықбұзушы винницалық милиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың аты-жөні анықталып, жауап алынған соң үйлеріне жіберілді. Мұнымен қатар, белсенділер винницалық милиция басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Олардың ойынша, басшы "майдан" не үшін болғанын ұмытып, жемқор депутаттар мен шенеуніктерді қорғап жатыр. 

Еске сала кетейік, белсенділер Януковичтің билігін құлату үшін 2014 жылдың ақпан айында Винница облыстық мемлекеттік әкімшілігіне шабуыл жасаған болатын. Сол қақтығыста милиция жағынан да, ереуілшілер жағынан да 200-ге тарта адам жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети