28 қараша 2018 10:24

Украинаға Ресеймен соғысу қаупі төніп тұр - Порошенко

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Григорий Сысоев © РИА Новости / Григорий Сысоев

Петр Порошенко украиналық телеарналарға берген сұхбатында Украинаға Ресеймен толық масштабты соғысу қаупі төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми интернет-өкілдігіне сілтеме жасап.


Петр Порошенко украиналық телеарналарға берген сұхбатында Украинаға Ресеймен толық масштабты соғысу қаупі төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің ресми интернет-өкілдігіне сілтеме жасап.

"Расында 25 қарашада болған оқиғаны төтенше жағдай деп айтуға болады. Бұл ресейлік тараптың 4,5 жылда алғаш рет көрсетіп отырған басқыншылығы. Ресейлік әскери кемелер Украинаның Қарулы күштеріне жаппай шабуыл жасады", - деді Петр Порошенко.

Сондай-ақ, президент Украинамен шекарада ресейлік танктердің саны артқанын мәлімдеді.

"Сондықтан да мен ешкімнің мұны ойыншық деп ойламағанын қалаймын. Украинаға Ресей Федерациясымен соғысу қаупі төніп тұр", - дейді Украина президенті. Оның айтуынша, осы себепті де елде соғыс жағдайы енгізілді.

Бұдан бөлек Порошенко сұхбатында Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметіндегілер ұстаған украиналық кемелердің халықаралық құқық стандартына сәйкес болғанын айтып өтті.

ФТБ ұсталған үш теңізшіден жауап алынған сәттің видеосын жария етті

"Кемелер бүлінді, теңізшілер жарақат алды. Шабуыл жасалды. Біздің кемедегілер тек қорғанды. Олар бізді арандатып, біздің соғыс жариялағанымызды қалап, біреуді өлтіргенімізді мақсат етіп отыр", - дейді Петр Порошенко.

Президент Украинаның бұл әрекетке міндетті түрде жауап қайтаруы керектігін айтады.

Еске салайық, осыған дейін Украинада соғыс жағдайы енгізілгені жайлы хабарланған болатын. Президенттің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады - 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети