Үлкен адрон коллайдерінің маңында "құрбандық шалу" рәсімінің видеосы пайда болды

18 Тамыз 2016, 16:29
0
Үлкен адрон коллайдерінің маңында "құрбандық шалу" рәсімінің видеосы пайда болды - Youtube желісіне кадрдан үзінді
Youtube желісіне кадрдан үзінді

Желіде Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының (CERN) аумағында құрбандық шалу рәсімінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды сообщает The Guardian

Видео CERN Үлкен адрон коллайдері орналасқан нысанның территориясында, женевалық кампуста түсірілген. Оқиға Шива ескерткішінің алдында болған. Басында капюшоны бар қара жамылғы киген адамдар үш бұрышқа тұрып, ортаға бір қызды алып шығады. Ол қыз жерге шалқалап жатады. Осыдан кейін қатысушы адамдардың бірі қызға жақындап, пышақ салғандай әрекет жасайды. Айта кетейік, құрбандық шалу рәсімін видеоға түсіріп тұрған адам болып жатқан жағдайдан шошып, айғайлап қашады.

Ұйымда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. CERN аумағына арнайы бейджсіз ешкімді кіргізбейді, алайда бұл жерге жыл сайын мыңдаған жас ғалым келіп-кетеді екен. Алдын ала нұсқа бойынша, мұндай әзілді жас физиктер тобы ұйымдастырған болуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай