22 мамыр 2015 11:50

Ұлыбритания тілшілері оқушы қыздың ИМ ұйымына қосылуына кедергі жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Dw.de ©Dw.de

Ұлыбритания тілшілері оқушы қыздың ИМ ұйымына қосылуына кедергі жасады, - деп хабарлайды  BBC Russian.


Ұлыбритания тілшілері оқушы қыздың ИМ ұйымына қосылуына кедергі жасады, - деп хабарлайды  BBC Russian.

Басылымның мәліметінше, лондондық 16 жастағы қыздың содырлар тобына қосылғысы келіп жүргенін Скотланд-Ярдқа Daily Mail қызметкерлері ескерткен. Полицейлер қыздың қауіпсіздігіне көз жеткізу мақсатында жергілікті билікпен және қыздың туыстарымен жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Тереза Мэйдың айтуынша, бұл "Ислам мемлекетінің" қауіпті екенін көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети