Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ұлыбритания ұшақтары Сирияның мұнайлы ауданына әуе соққысын жасады 03 желтоқсан 2015, 14:41

Бұл аудандағы мұнай кен орны ДАИШ содырларының бақылауында екені хабарланды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© REUTERS © REUTERS

Ұлыбритания ұшақтары Сирияның шығысында орналасқан мұнайлы аудандағы нысандарға алғашқы әуе соққысын жасады, - деп хабарлайды BBC.

Бұл аудандағы мұнай кен орны ДАИШ содырларының бақылауында екені хабарланды. Телеарна Ұлыбританияға тиесілі төрт Tornado ұшағының екеуі Кипрдегі авиабазаға атыс жиынтығынсыз оралғанын хабарлады. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі "Сирияда алғашқы операция жүргізгенін" растады.

Бұған дейін ұлыбританиялық парламентінде Сирия аумағында ДАИШ-ке әуе соққысын жасау дауысқа салынған болатын. Депутаттардың 397-сі ұсынысты қолдаса, 223 депутат бұған қарсы болды. Дауыс беру бойынша пікірталас 10 сағатқа созылды. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Филип Хаммондтың айтуынша, содырларға әуе соққысы алдағы уақытта да жасалады.

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram