23 қыркүйек 2021 11:19

Ұлыбританияда ауған аудармашыларының дерегі тағы тарап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі қызметкерлері ауған аудармашыларының өміріне қауіп төндіретін мәліметтерді екінші рет жариялағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.


Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі қызметкерлері ауған аудармашыларының өміріне қауіп төндіретін мәліметтерді екінші рет жариялағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері 55 ауған аудармашысының электрон пошта мекенжайы арқылы хат жіберген, олардың электрон пошта мекенжайын барлық хатты алушы көре алады.

Хатта Ұлыбританияның қоныс аудару жөніндегі лауазымды тұлғалары, ауған аудармашыларымен байланыса алмағаны және олардан деректерін жаңартуды сұрағаны айтылған.

"Осы айдың басында Ауғанстанға қоныс аудару және көмек көрсету саясаты жөніндегі топта (Arap) деректердің сақталуының бұзылғаны туралы белгілі болды. Осы аптада Қорғаныс министрі командадағы деректерді өңдеуге қатысты тергеуді бастады. Қазіргі уақытта бұл жағдайдың болашақта қайталанбауын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды", - деді министрлік өкілі.

Бұл оқиға Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес ұлыбританиялық Қарулы Күштерде жұмыс істеген жүздеген ауған аудармашысының электрон пошта мекенжайларына қатысты заң бұзғаны үшін кешірім сұрағаннан бір күн өткен соң белгілі болды.

Министр Қауымдар палатасында сөйлеген сөзінде "қызметтің қолайсыз деңгейі" мыңдаған әскери қызметкер мен ардагерлерді ұятқа қалдырғанын айтты. Ведомствоның дереккөзі мәліметінше, сейсенбіде қауымдар палатасында сөйлеген кезде ол екінші заңбұзушылық туралы білмеген.

Бұған дейін Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес ұлыбританиялық әскери қызметшілермен жұмыс істеген 250 ауған аудармашының мәліметтерін жария еткен қызметкерді жұмыстан шеттеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети