16 наурыз 2014 12:04

Үндістан Boeing 777 Malaysia Airlines ұшағын іздестіруді уақытша тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағын іздестіруді уақытша тоқтатты деп хабарлайдыTengrinews.kz РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып. Бұған себеп, Малазия үкіметі жоғалған аймақтарды қайта қарастыруда. "Іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Өйткені ұшақ жоғалған аймақтарды Малазия билігі қайта қарастыруда", дейді Үндістан әскери тергеушілерінің мүшесі. Осы уақытқа дейін Үндістан әскерилері Андаман және Никобар аралдарынан, Бенгаль шығанағы аймақтарынан іздестірген болатын. Малазия тергеушілер бұған дейін Boeing 777 Malaysia Airlines ұрланды деген болжам жасаған болатын. Сондай-ақ жергілікті басылымдар малазиялық әскерилер мен құтқарушылар Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы операцияны аяқталды, енді басқа аймақтарда іздестіру үшін тиісті елдермен шарт жасасуда деп хабарлаған еді. Таяуда малазия премьер-министрі Наджиб Разак Malaysia Airlines Қазақстан жаққа кетуі мүмкін деген болжам айтты. Естеріңізге сала кетсек, Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған ұшақ 8 наурыздың түнінде азаматтық әуе диспечерлерінің радар экранынан жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 227 жолушы, 12 экипаж мүшесі болған. Соңғы байланыс кезінде ұшақ Малазияның шығыс жағалауынан 220 шақырым қашықтықта болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети