09 қараша 2014 20:21

Үндістан "Агни-ІІ" баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

topwar.ru сайтынан topwar.ru сайтынан

Үндістан Қарулы күштері 9 қараша күні 2 мың шақырымнан асатын қашықтыққа ядролық оқтұмсық соққысын жасай алатын "Агни-II" баллистикалық зымыранына сәтті сынақ жүргізді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Үндістан Қарулы күштері 9 қараша күні 2 мың шақырымнан асатын қашықтыққа ядролық оқтұмсық соққысын жасай алатын "Агни-II" баллистикалық зымыранына сәтті сынақ жүргізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жер-жер" санатындағы баллистикалық зымыран шығыс жағалауда орналасқан Орис штатына жақын маңдағы Уилер аралынан жедел іске қосу қондырғысы арқылы іске қосылды. Ұшыру әрекеті жергілікті уақыт бойынша таңғы 9.40 шамасында жүзеге асырылды. Зымыранның ұшу траекториясы радар, электронды-оптикалық жүйе және жағалаудағы телеметрикалық серіктер арқылы қадағаланып отырады. 600 шақырымдық биіктікке жеткізілгеннен кейін, алдын ала құрылған жоспар бойынша, зымыран Бенгал шығанағының суына барып құлады.

"Агни-II" екіқадамдық баллистикалық зымыранының ұзындығы – 20 метр, салмағы - шамамен 17 тонна. Оқтұмсықтың салмағы - шамамен бір тонна. "Агни" тектес өзге зымырандар қазірдің өзінде де үнді қарулы күштерінің құрамына кіреді. Айта кетейік, үнді қарулы күштерінің қазіргі уақытта құрғақ жолдар ("Агни" және "Притхви" тектес түрлі қашықтықтағы өзге де зымырандар) және әуе (Dassault Mirage-2000 және SEPECAT Jaguar ұшақтары) арқылы ядролық жарылғыш заттарды жеткізу құралдары бар. 2014 жылдың қаңтар айында Үндістан әуе-теңіз күштері өздерінде жасалған тұңғыш "Арихант" (INS Arihant) атом сүңгуір кемесінің сынағын сәтті жүргізген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети