14 мамыр 2018 11:41

Үндістандағы қайталанып жатқан құмды дауылдан 150 адам мерт болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Replyua © Replyua

Үндістанның бірнеше аймағында жексенбіде болған құмды дауыл мен нөсер жаңбырдан 60-тан аса адам мерт болып, ондаған тұрғын жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости NDTV арнасына сілтеме жасап.


Үндістанның бірнеше аймағында жексенбіде болған құмды дауыл мен нөсер жаңбырдан 60-тан аса адам мерт болып, ондаған тұрғын жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости NDTV арнасына сілтеме жасап.

Мұның алдында 30 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Телеарнаның мәліметінше, күннің бұзылуынан негізінен Уттар-Прадеш, Андхра-Прадеш, Батыс Бенгалия штаттары және Дели округі зардап шеккен. 

Табиғат апатын қатты сезінген Уттар-Прадеш аймағы. Мерт болған 60 адамның 38-і осы штаттан. Сонымен қатар, мұнда 100-дей үй қираған. 12 адам Батыс Бенгалияда қаза болған, олардың арасында балалар да бар. Ал ел астанасына қарасты округте бес адам қаза болған. 

Синоптиктердің болжамынша, Үндістанның солтүстігінде дауыл қайталанады. Осыған байланысты ел билігі адам шығыны көбейе түседі деген алаңдаушылық білдірді. 

Бұл Үндістанның солтүстігінде екі аптада соққан үшінші құмды дауыл. Бұл уақыт аралығында жалпы 150 адам мерт болған екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети