06 қараша 2014 10:37

Усама бен Ладенді өлтірген адамның есімі жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Усама бен Ладен. ©REUTERS Усама бен Ладен. ©REUTERS

Ағылшынның Daily Mail басылымы АҚШ Әскери-теңіз күштері арнайы жасағының Пәкістанда "әл-Каида" халықаралық террорлық тобының жетекшісі Усама бен Ладенді атып өлтірген өкілінің кім екенін анықтады деп хабарлайды РИА Новости. "Нөмірі бірінші террористі" бұрынғы әскери - 38 жастағы Роб О`Нил өлтірген.

Басылымның мәліметінше, O'Нил 2011 жылдың 2 мамырында америкалық арнайы жасақтың Пәкістанның Абботабад қаласындағы арнайы операциясы барысында "әл-Каида" жетекшісінің басынан үш рет атқаны үшін жеке марапатқа ие болған. "Нөмірі бірінші лаңкестің" көзін құртқан адам Американың Монтана штатындағы Бьютт қаласында туып-өскен. 

Әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылған O'Нил тиісті әлеуметтік жеңілдіктерден айырылғаннан кейін өзінің кім екенін жария етуді ұйғарған. Басылымның мәліметінше, ол 20 жылдық әскери қызмет мерзімінің 16  жылын өткерген. Осы уақыт ішінде түрлі ұрыс әрекеттері аймағындағы әскери операцияларға, соның ішінде, Ирак пен Ауғанстандағы қақтығыстарға қатысып, 400-ден астам жауынгерлік міндетті атқарған. 

Еске сала кетейік, Усама бен Ладен 2011 жылдың мамырында өлтірілді. Сараптама жүргізілгеннен кейін "әл-Каида" жетекшісінің мәйіті аса құпия жағдайда теңізге жерленді. Усама бен Ладенге 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген айып тағылды. Бұл оқиға кезінде 3000-ға жуық адам опат болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети