29 қазан 2018 18:57

Ұшақ апаты: Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
 
Мемлекет басшысы "Lion Air" әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", - делінген жеделхатта.

Джакарта әуежайынан ұшып шыққан Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

"Ұшақ ұшып шыққаннан кейін он минут өткенде радардан жоғалып кеткен", - деп жазды Straits Times басылымы.

Индонезия жағалауына құлаған Lion Air ұшағының бортында елдің Қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған.

Сондай-ақ, қаза тапқан бір адамның табылғаны хабарланып отыр. Өз кезегінде ТЖ жөніндегі Ұлттық агенттік өкілдері апаттан ешкімнің де аман қалмағанын хабарлады.

Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети