22 желтоқсан 2017 15:57

Ұйымдасқан қылмыстық синдикат басқарған - Өзбекстанның экс-президентінің қызы "қара тізімге" кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Кәрімоваға "Магнитскийдің жаһандық заңы" санкциясы қолданылатын болды, - деп хабарлайды РИА Нововсти АҚШ-тың Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 


Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Кәрімоваға "Магнитскийдің жаһандық заңы" санкциясы қолданылатын болды, - деп хабарлайды РИА Нововсти АҚШ-тың Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Кәрімова бұл тізімге "бизнесті эксопрттау үшін мемлекеттік субьектілерді тартқан ұйымдасқан қылмыс синдикатын басқарғаны" және "бопсалаумен" айналысқаны үшін енгізілгені айтылады. 

"Кәрімова түскен қаржыны компаниялар желісі арқылы заңдастырып алған. Сыбайлас жемқорлық әрекетінен өзбектер ұялы байланыс үшін әлемдегі ең қымбат тариф төлеуге мәжбүр болған", - делінген құжатта. 

Сонымен қатар, тізімге Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме, израильдік бизнесмен Дан Гертлер, қару сатушы Слободан Тесич, Мьянмадағы Янгона қаласының әкімі Маунг Маунг Со, оңтүстік судандық саясаткер және бизнесмен Бенджамин Бол Мел, пәкістандық хирург-трансплантолог Мухтар Хамид Шах, доминиканалық бизнесмен Ангел Рондон Рихо, қытайлық шенеунік Гао Янь, РФ бас прокурорының ұлы Артем Чайка, Беркуттің" бұрынғы командирі Сергей Кисюк, гватемалалық бизнесмен Хулио Антонио Рамирес ижәне гамбиялық шенеунік Янкуба Бадже де кірді.

2013 жылдың күзінде Өзбекстандағы баспа агенттігі Гүлнар Кәрімоваға тиесілі бірнеше телеарна мен радиостанцияны жауып, тергеу жұмыстарына байланысты Terra Group медиахолдингінің есепшоттарын бұғаттады. АҚШ-тың тергеу органдары Гүлнар Кәрімованың шетел инвесторларынан бір миллион доллардан аса көлемде пара алғанын мәлімдеген.

Шілде соңында Өзбекстан прокуратурасы Кәрімоваға қатысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети